Лондон қаласы аудандарының бірінің полиция бастығы жергілікті үлкен мешіттердің біріне келіп, 2 жылдық жұмысының есебін берді.
Аудандық полиция басқармасының бастығы Тауэр-Хемлетс Маркус Барнетт Шығыс Лондондағы жергілікті мешітте тұрғындармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Ол бұл қызметке 2019 жылдың тамыз айында тағайындалған болатын.
Бұл аудан тұрғындары қала бойынша ең төмен жалақы алады және қылмыс көп тіркеледі.
Айта кетсек, Ұлыбританияда құқық қорғау органдары өкілдері жергілікті мұслымандармен тікелей тілдесу мақсатында мешіттерге келіп, кездесу өткізіп тұрады. Бұл дәстүр халықтың полиция деген сенімі мен құрметін арттырады.