Рамазан айтына жеткен және негізгі қажеттіліктеріне артылған нисап мөлшері (18 гр. Алтын немесе осы мөшлерде) дүниесі бар мұсылмандар өздері және қарамағындағы адамдар үшін пітір садақасын беруге тиісті. [Қасани, Бәдиус-Санаи, Бейрут 1997, 2, 533-544].
Алайда пітір садақасының міндетті болуы үшін нисап мөлшеріндегі малының айналымдағы мал болуы және одан бір жыл өтуі крек емес.
Кез келген жан өзі үшін, қарамындағы тұлғалар үшін пітір садақасынын беруге міндеттеледі [Қасани, Бәдиус-Санаи, Бейрут, 2, 535].
Одан бөлек бағып қағып отырған ата-анасы да болса, үлкен балалары, әйелі, бауыры және жақындары үшін пітір садақасын төлеу міндет емес [Қасани, Бәдиус-Санаи, Бейрут, 2, 539, 540].
Алайда өкілеттері болмаса да бұлар үшін төлесе қабыл болады.
Құран Кәрімде: «Намазды орындаңдар, зекет беріңдер һәм Аллаға көркем қарыз (садақа) беріңдер. Өздерің үшін алдын ала жасаған қайырларыңның (қиямет күні) Алланың қасында одан да қайырлы әрі мол сауапты екендігін табасыңдар» [Мүззәммил сүресі, 20-аят].
(Алтынның белгіленген нисап мөлшері – 85 грамм. Осы 85 грамм алтынның қырықтан бірі немесе 2,5%, яғни 2,125 граммы зекет ретінде беріледі. Әли (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алтынның нисап мөлшерін былай деп білдіреді: «…Алтыннан жиырма динарға жетпейінше зекет алынбайды. Сенің жиырма динар алтының болып, оған бір жыл айналмайынша зекет беруің міндет емес». Егер алтыннан жасалған заттар мен бұйымдар нисап көлеміне жетіп жатса, зекеті міндетті түрде берілуі тиіс. Аталмыш заттардың зекетін екі түрде беруге болады: Алтындай немесе басқа зекет малдарымен. Егер алтындай берсе, бұйымның салмағы өлшеніп, қырықтан бірі беріледі. Ал басқа зекет малдарынан берілетін болса, бұйымның салмағына қарай емес, бағасына қарай анықталады. Басқа кендермен араласқан таза емес, қоспа алтынның (мағшушун) зекеті жайында Ислам ғұламаларының әртүрлі пікірлері бар. Ханафи мәзһабында алтынның көлемі басқа кендерден басым немесе тең болса, барлығы алтын деп есептеліп, соған қарай зекеті беріледі.)
Зекет берілетін адамдар Құран Қәрімде көрсетілген. Олар; кедейлер, міскіндер, зекет жинауға міндеттелген қызметкерлер, жүрегін Исламға жылыту мақсатында, құлдықтан азат етуге, қарызға батқандар, Алла жолында жиһад жасағандар және жолда қалғандар. [Тәубе сүресі, 60-аят].
Кедей мен міскін негізгі қажеттіліктерінен тыс ешқандай мал мүлігі болмаған жандарды айтады. Алайда негізгі қажеттіліктерінен тыс көбейетін болса да көбеймейтін болса да нисап мөлшерінде мал-мүлкі болған адам кедейге жатпағандықтан оған зекет берілмейді. Қарыздар адам, құл ақысы ретінде қарызы бар және қарызын төлейтін малдан басқа нисап мөлшері дүниесі болмаған жанды айтады. . [Ибнул Хумам, фәтхул Қадр, Бәйрут 1424/2003, 2, 266, 268, 272].
Жолда қалған адам деп, өзі өмір сүрген жерде мал-мүлкі болса да шыққан жолында ақшасыз қалып, дүниесіне қол жеткізе алмай қалғанды айтады. Басқа бір сөзбен айтқанда ақшасыздықтан жолда қалып өз еліне, жеріне жете алмай отырған адам. Бұл адамға мал мүлкіне жете алу және жеткенше қажеттіліктерін өтейтіндей зекет беруге болады.