– Уа, Алланың елшісі! Бұл бала менің белімнен шықты – деп балаға құқылы екенін айтты.
Анасы:
– Уа, Алланың елшісі! Ол бұл баланы белінде ұстады, қиналған жоқ. Ал оны менің жатырыма салғанда шаһуатпен салды. Мен болсам оны қарынымда тоғыз ай көтердім, босанған кезімде қатты толғаттым. Сөйтіп, оны екі жыл бойына үздіксіз еміздім, түндерімді ұйқысыз өткіздім – деп өзінің уәжін айтады.
Екі жақтың уәжін тыңдаған пайғамбар (с.ғ.с.) перзентті анасының қолына береді. Сөйтіп, ана мен баланың құқығын қорғайды.
Ал енді басқа риуаятта сәбидің анасы:
– Уа, Алланың елшісі! Менің қарным бұл сәбиге үй болды, құшағым – сәбидің қорғаны, ал кеудем оның шөлін басатын сусыны болды. Ал әкесі болса, бұл баланы менен тартып алғысы келеді – деген екен (Ахмад, Әбу Дәуіт).
Түйін: бірінші мәселе – Ислам адам құқығын қорғаудың жоғарғы идеалын көрсетіп отыр. Расында дін ислам әйел құқығын қорғап, оған қоғамда тиісті мәртебесін берді. Бұл дәуірлерде әлемдегі басқа мәдениеттерде әйелдің қоғамдық өмірдегі орны төмен, құқықтық дауысы жоқ еді.
Екінші мәселе – хадистен ата-ананың баласы үшін қаншалықты жан пида екенін көреміз. Өкінішке орай бүгінде жас ананың қып-қызыл шақалақты еш аяусыз көрінген орынға тастап кетіп жатқанын БАҚ беттерінен жиі оқып, көріп те жүрміз. Ал кейбір жігіттердің туған балаларынан безіп, оларға алимент төлеуден қашып жүргенін білеміз. Бұған кім кінәлі? Әрине, ұлы мен қызына дұрыс тәрбие бере аламаған сіз бен біз айыптымыз. Ештен кеш жақсы демекші, әлі де болса үйдегі ұл-қыздарымызға дұрыс тәрбие берейік.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ.