Пайғамбардың (с.ғ.с.) тәрбиесін көріп, өзінен тікелей тәлім алған сахабалардың мәртебесі қашанда биік. Алланың елшісі (с.ғ.с.) хазіреті Әбу Бәкір мен Омар ибн Хаттаб туралы (Алла олардан разы болсын) былай деп айтқан:
– Қайсыбір пайғамбардың болмасын жеті қабат көкті мекендеушілердің арасынан екі уәзірі және жерді мекендеушілердің арасынан да екі уәзірі болған. Менің көкте мекендейтіндердің арасындағы уәзірлерім – Жәбірейіл мен Мекайл, ал жерді мекендегендердің арасындағы уәзірлерім Әбу Бәкір мен Омар, – деп айтқан (Тирмизи).
Пайғамбардың (с.ғ.с.) бұл екі сахабасын көктегі екі періштелермен теңеуінің өзі көп нәрсені аңғартады. Демек, әр сахабаның өз ерекшелігі мен артықшылығы бар.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ