Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында а.ж. 15 сәуір күні Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессорлары, докторлары мен аға оқытушылары арасында «Діни радикализмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараны «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының төрағасы, РАТТ мүшесі Азамат Нұғманұлы жүргізді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысына жоғары оқу орнынан 80-нен астам педагогтар мен ғалымдар қатысты.
Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың белгілері жайлы ақпарат берілді:
- Діннің, діни қағидалардың ерекшеліктері туралы идеялардың болуы.
- Зайырлы тәртіпті, оның ішінде заңдарды, билік және басқару органдарын мойындамайтын ұйғарымдардың болуы.
- Діни алауыздық немесе араздық тудыратын, қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, адамгершілікке немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін насихаттардың болуы.
- Діни догмалардың ғылыми түсіндірмесін мойындамау, мазхабтарды теріске шығару, оның ішінде Орталық Азия мұсылмандары үшін дәстүрлі исламды сыни түрде қабылдамау.