ҚМДБ Павлодар облыстық өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарына арналған семинар өтті.
Семинар «Дін мен дәстүр» және «Жат ағыммен күрес» бағыттары бойынша жүргізілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет және Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл имамдарға екі бағыт бойынша жұмыс барысын түсіндірді.
Бүгінде ең өзекті тақырыптардың бірі – дін және дәстүр. Мешіт жамағатына міндетті түрде ұлтымыздың ғалым-әулиелері, би-шешендерінің сөзін дәстүрлі дінімізбен үйлестіріп түсіндіру, жастарымыздың салт-дәстүрімізге деген құрмет пен сүйіспеншілігін, махаббатын күшейту, патриоттық сезімде тәрбиелеу осы бағыттың басты ұстанымы болмақ.
Ал Хасан Ташайұлы жат ағымның өкілдерімен күрес жүргізу жолдары мен негіздерін түсіндіріп айтты. Бұл да өте маңызды, себебі қазіргі әлемдегі болып жатқан әртүрлі құбылыс, өзгерістерге дайын болумен қатар халқымызды басқа ағымдардан сақтандыруға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек деді бөлім меңгерушісі.