Бомба туралы хаттар оқу орындарының электронды мекенжайларына келіп түскен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгін сағат 17: 08-де Павлодар полициясына өңірдің 10 мектебі мен бір колледжінде жарылғыш заттар салынғаны туралы хабарлама түсті.
— Ғимараттардан адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Мектептердің іргелес аумағы қоршалып, оқиға орнында жедел тергеу топтары жұмыс істеуде, — деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.