Павлодар әуежайында ұшақпен сапарға шығатын жолаушыларға арналған «Намазхана» бөлмесі ашылды.
Арнайы құлшылық бөлмесі жолаушылардың өтініші бойынша Діни басқарманың арнайы тіркеуінен өтіп, іске қосылды. Бөлменің ашылуына дөп келген жолаушы апамыз қуанышпен шашу шашып, ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.
«Әуежай басшыларымен келісе отырып, олардың көрсеткен орынжайын жөндеуден толық өткіздік. Оған атсалысқан іні-қарындастарымызға Алла разы болсын. Намазхана бөлмесі намаз өтеуге ыңғайлы болды. Бөлмеде жуынып, дәрет алатын орны бар. Енді намазхан жолаушыларымыз жайбарақат намазын оқып, сапарына алаңсыз шыға береді» дейді Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы.