Исламда пәтуа деген сөз – үкім беру, үкім шығару деген мағына береді. Демек, белгілі мәселеге Құранға, пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисіне сүйене отырып, жауап беру және үкім айту. Пәтуа берушіні – мүфти, пәтуа сұраушыны – мустафти деп атайды. Елімізде бұл мәселемен мүфтияттың жанындағы Ғұламалар кеңесі айналысады.