Сұрақ: Патшаның кеңесшісі болған мұсылман әйелі кім?
Жауап: Мұсылман қоғамында ғалымдар қашанда құрмет пен мансапқа ие болған. Олар үнемі билік басындағылар үшін кеңес беріп отырды. Дәлірек айтқанда патшалар мен сұлтандар үшін ғалымдардан ақыл-кеңес алу қалыпты жағдай еді. Сол үшін кейбір ғалымдар сұлтан сарайында өмір сүрген.
Осындай патшалардың біріне кеңес берген ғалымдардың бірі – Фатима әс-Самарқанди ханым. Фатима әс-Самарқанди (1185 ө.ж.) – ғалым, құқықтанушы, теолог, хадисшы және мұсылмандардың анасы. Ол он екінші ғасырда Самарқандағы ислам ғалымы, муфаккиһ «Тухфат әл-Фуқаһа» кітабының авторы Мұхаммед Ахмад әл-Самарқандидің отбасында дүниеге келген. Әкесі ізденімпаз қызын тәрбиелеуге көп уақытын арнап, оны өзі оқытқан. Бұл оның фиқһ саласындағы құрметті ғалымдардың бірі болуына себебін тигізді. Сол үшін оны ғалымдар Фатима әл-Фәһиха (құқықтанушы Фатима) деп таныды.
Дамаск әмірі Нуруддин Зинджи маңызды мәселелер бойынша Фатима ханымға келіп, кеңесіп отырған. Әмір әйелден кеңес алуды ұят санамаған. Тіпті сұлтан Фатима ханым мен оның ері әл-Касаниді өзінің жеке кеңесшісі етіп тағайындайды.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ