15 жыл бұрын Нидерландыдан Анталияға көшіп келген 74 жастағы Нэнси Ван Дер Стретен қарт адамдар арасында жиі кездесетін ауру – Паркинсон індетіне тап болды. Қазір әженің түрікше аты “Наджие”.
Ол бұл ауру белгілерін он жыл бұрын байқаған, бірақ әйел қол қусырып қарап отырмай бокс қолғаптарын киіп, шұғылдануды бастады.
“Менің ауруыммен күресте дәрі-дәрмек ішу жеткіліксіз екенін, физикалық белсенділік қажет екенін білдім. Мен АҚШ-та бокс Паркинсон ауруын емдеу үшін 20 жылдан бері қолданылып келе жатқанын айтқан бірнеше YouTube видеоларын кездестірдім”, – деді Наджие әже жаттығу кезінде.
Егде жастағы әйелдің айтуынша, ол күн сайын Паркинсон ауруының салдарын сезінеді. Таңертең ол қозғала алмай қалады, ал кеш түсе белсенді түрде жаттығады. Өзін-өзі оқшаулау кезінде ерекше спортшы үйде жаттығуды жалғастырды. Қазір ол қайтадан рингте жаттығуда.
Соңғы үш жылда Нэнсидің жеке жаттықтырушысы бар. Белсенді физикалық белсенділік оның денсаулығын, өз-өзін сезінуін жақсартып, дәрі-дәрмектен толықтай бас тартты.
“Наджие әже – ерекше шәкіртім. Ол өте тәртіпті және белсенді. Ауырып жүргеніне қарамастан, бірде-бір жаттығудан қалған жоқ”, – деді жаттықтырушысы Али Сайгылы.
Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын өмірден озған әйгілі мұсылман боксшысы Мұхаммед Әли, керісінше бокстың салдарынан Паркинсон індетіне шалдыққан болатын.