Үкімдер мен шешімдерді, дұрыс пен бұрысты, жақсы мен жаманды ажырата алатын ақылы бар адамға «Парасатты адам» дейміз. Сондай-ақ әрбір адамды Алла азды-көпті сезімталдықпен, есте сақтау және армандау парасатымен жаратқан.
Парасатты адам жайында Декарт былай дейді: «Дұрыс пен бұрысты айыра алатын күш» деп сипаттай келе жалпы сананы (le bon sens) парасатпен бірдей қабылдайды және «оның барлық адамдар үшін бірдей» екеніне тоқталады. Осы тұста, Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың хадистерінде айтылған фитра мен парасаттылық тығыз байланысты деп айтуға болады.
Ислам дінін, Құран Кәрімді терең зерттеген «Тәпсір» ғұламалары «фитраны» парасаттылықты «Барлық адамдардың жаратылысында хақ дін мен оның үкімдерін қабылдау қабілеті» деп түсіндірген. Өйткені бұл жайында айтқан Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде «Әрбір бала дүниеге фитратымен келеді, бірақ ата-анасы мұсылман тәрбиесін берсе мұсылман, яхуди тәрбиесін берсе яхуди немесе насрони, мажуси етіп тәрбиелесе сол діннен болады» деген.
Бұл хадистен біз барша адам бұл дүниеге келгенде парасатты, яғни Алланың діні мен оның үкімдерін орындайтын және жамандықтан аулақ, жақсылыққа бейім болып жаратылады екен. Ақыл-ойдың бұндай қасиеті қоршаған ортаның әсерінен бұзылуы мүмкін екенін байқаймыз. Әйгілі философ Ибн Сина адамның мейірімді болмысын ақыл деп атайды. Ал Фахруддин ар-Рази болса, «Дұрыс білімге жету үшін ақылдың өз сезімі қажет» дейді.
Құран Кәрімнің «Шуъара» сүресінің 89-аятында Алла тағала «بِقَلْبٍ سَلِيمٍ» аудармасы: «Жақсы жүрек» деген сөзді қолданылған. Осы және осыған ұқсас аяттарда айтылған жүректермен қоса дұрыс ойлай алмайтын жүректерде де айтылады (Мұхаммед сүрсесі 24 аят).
Бұл аяттардан біз ізгі, жақсы жүректің сау ақылға тең деген мағынасы бар екенін көре аламыз. Дұрыс ақыл мен ізгілікке шақыратын ақылды сақтап қалу үшін жаратылысымыздың тазалығы мен бағыт-бағдарын қорғап қалуымыз үшін жүрегімізді және ар-ожданымызды тыңдауымыз керек. Міне осы кезде біздің жаратылысымызға тән ПАРАСАТТЫ адам болып өмір сүруімізге жеткілікті.
Исатай БЕРДАЛИЕВ