Сұрақ: Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар еді. Шариғат бойынша “қыз емес” қызға үйленсе қалай болады және оның болашақ ұрпағына әсері бола ма?
Жауап: Шариғат бойынша пәктігінен айырылған қызға үйленудің еш әбестігі жоқ. Оның болашақ ұрпаққа тигізер зияны да жоқ. Алайда, қыз күйінде алынған әйел абзал және соған басымдылық беріледі.
Оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұрын тұрмыста болған әйелді алған Жабирге (р.а.): «Саған ойнап күлетін жас қыз табылмады ма?» – деп қойған сұрағынан байқауға болады.[1]
МаҚсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ,
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы
[1] Әбу Дәуід.
Жауап берушіге сұрақ:Тұрмыста болған әел мен пәксыз қыздын айырмашылығы жоқ па?
Әел күйеуімен төсектес болуы заңды
Бала табуы заңды
Ата-енесін әке ана деу заңды.
Пәксыз қыз ше? Жігітімен (әркіммен) төсектес болуы, бала табуы заңдыма? Ата-ене батасы қайда???
Сұрақ иесіне мысал: өрікті мысал ет. Біреулер тәттісін жейді, біреулер суйегін шағады. Ягни біреулер қызығын көреді, біреу қорлығын көреді.
Ұрпаққа келер болсақ, ақ нәсілділер от басында қара нәсіл бала қалай туылады? Ондайлар бар. Ютубтан көруге болады. Қазақтар бұрынғы аталарында қара нәсіл бар болған деп, жылы жабады. Демек, ГЕН өзінікін істейді емес пе? Жауап: қыздың жыныс мүшесі ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОДТАРДЫ сақтап, болашақ ұрпаққа септігін тигізеді. Телегония деп аталады.