Пәкістанның Пешавар қаласында кеше жұма күні мешітте жойқын жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты. Олардан бөлек, көп адам жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті полиция қызметкері Уахид Ханның айтуынша, жарылыс мұсылмандардың Куча Рисалдар мешітіне жұма намазына келген уақытында болған.
Оқиға куәгерлерінің бірі Шаян Хайдердің сөзінше, ол мешітке енді кіре бергенде жарылыс орын алған. Қатты дүмпу оны кері далаға лақтырып жіберіпті. “Көзімді ашқанда жан-жағымда шашылып жатқан адамдар мен шаң-тозаңды көрдім”, – дейді ол.