Сұрақ: Пайғамбарымыздың кезеңінде қари әйелдер болған ба?
Жауап: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезеңінде қанша қаридың болғандығына қатысты деректерде әр түрлі мәліметтер келтірілген. Имам Байхақи Құранды толық жаттаған ансарлық сахабалардың қатарында Үбәй ибн Кағыб, Зәйд ибн Сәбит, Әбу Зәйд, Мұғаз ибн Жәбәл, Әбу Дарда, Сағыб инб Убадаларды атаған.
Басқа деректерде әділетті төрт халифаның, Талха, Сағыд, Ибн Мәсғұт, Хұзайфа, Сәлім, Әбу Хұрайра, Абдулла инб Саиб, атақты төрт Абдулла және т.б. сахабалардың (барлығына Алла разы болсын) Құранды жаттағандықтарына қатысты деректер келеді.
Құран Кәрімде білім-ғылымға ынталандыратын жалпы формада келген аяттар және Пайғамбарымыздың арнайы әйелдерге қарата айтылған хадистері де мұсылман ерлермен қатар әйелдердің де білім алуына жағдай жасады. Соның нәтижесінде көптеген ғылым салаларында ғалым әйелдердің шыққандығы мәлім. Ал Құранды жаттаған әйелдердің арасында мына төрт кісі аталады: әзірет Айша (р.а.), Хафса (р.а.), Үммү Сәләмә (р.а.) және Үммү Уарақа (р.а.)[1].
Алау Әділбаев
[1] Суюти. Әл-Итқан фи улум әл-Қуран. 1-т, 72-б.