Сұрақ: Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті қалай жарықтандырылды?
Жауап: һижреттің алғашқы жылдарында таң мен құптан намаздары кезінде мешіт ішіне кептірілген құрма ағаштары жағылып жарық берілетін. Тәмимүд-Дари деген сахаба Шамнан алтын шырағдан бауларын ала келген екен. Бір жұма кешінде соны жағып қояды. Шырағданның ішіне білте салып, зәйтүн майын құйған екен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітке кіріп келіп аң-таң болады. Мұны істеушінің Тәмимүд-Дари екенін естіп, ол кісіге: «Сен Исламды нұрландырдың, мешітті көркейттің. Алла да сені дүние мен ақиретте нұрландырсын», – деп дұға етеді.
Кейін осы әдісті тұрақты қолданады. Шамды Фатих деген бозбала жағып жүрді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны «Сираж» деп атайын. Келе-келе халайық оны осылайша атап кеткен деседі.