Мұсылмандық иман шарттарының тағы бірі – пайғамбарларға иман келтіру. Пайғамбар – Аллаһ пен адамзат арасындағы елші.
Ислам сенімі бойынша барлық пайғамбардың міндеттері бір, сондықтан олардың барлығына иланып, иман келтіру шарт.
Сонымен қатар, «Аллаһтың бір екендігіне, мұғжиза болған Құраннан күдіктенсеңдер, Құранға ұқсас бір сүре келтіріңдер» деу арқылы пайғамбардың пайғамбарлығына күмән келтірмеуге шақырады. Ал Құран Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбарлығын қиямет қайымға дейін растайтын мұғжизалардың бірі.
Аятты елемей, оның маңызына мән бермегендер, бәрі жабылып Құранға ұқсас бір сүре тудыра алмады. Құранның Аллаһ тарапынан пайғамбарымызға келген ақиқат кітабы екендігіне бірден-бір дәлел.
Құранда:
قُل لَّئِنِ اجْتَمَعَتِ الإِنسُ وَالْجِنُّ عَلَى أَن يَأْتُواْ بِمِثْلِ هَـذَا الْقُرْآنِ
«(Мұхаммед с.ғ.с.) Егер адамдар және жындар жабылып осы Құранның ұқсасын жасау мақсатында бір-біріне көмекші болса да (ондай керемет) келтіре алмайды де»,[1]-дейді. осылайша аятта адам баласы мен жындар бірігіп Құранның бір сүресін де жаза алмайтынынан хабар берілді. Оның осындай тылсым күшіне қарай әрбір аяттың өзі мұғжиза саналады. Өйткені осы күнге дейін ешбір адам баласы мен жын болмысы Құранға тең келер бір аят та жаза алмады. Құранда Аллаһ тағала:
فَإِن لَّمْ تَفْعَلُواْ وَلَن تَفْعَلُواْ
«Егер оны жасай алмасаңдар (қазір келтіре алмасаңдар болашақта) мүлдем жасай алмайсыңдар»,[2] – деп баян еткен еді.
Г. Оралбайқызы
[1] «Исра», 17/88
[2] «Бақара», 2/24