Күндердің күнінде бір әйел кісі сахаба Абдулла ибн Масғудтың (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.у.) өз жаратылысын өзгерткен әйелдерге лағынет айтты»,-дегенді естіп Абдулла ибн Масғудтың алдына барып, мән жайды түсінбек болады. Сонда оған сахаба:
– Мен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) мұндай кісілерге лағнет айтқасын айтып жатырмын және бұл Құран Кәрімде де осылай делінген,-дейді. Әлгі әйел таңдана:
– Мен Құранды басынан аяғына дейін толық оқып шықтым. Бірақ, онда бұл мәселе туралы бірде-бір аят кездестірмедім,-дейді. Сонда сахаба Абдулла ибн Масғуд (р.а.) өзінің кең өрісті санасымен:
– Сен Құрандағы: «Сендерге Пайғамбар с.а.у. не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар» деген аятын оқымап пе едің?,-дейді. Әйел:
– Оқыдым, дейді. Сахаба:
– Демек, Пайғамбар (с.а.у.) тыйған нәрсе Құранда да тыйылған,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы