Осыған қатысты Сағдтың ұлы Қайс мынадай бір оқиғаны әңгімелейді: Алла елшісі (с.ғ.с.) біздің үйге келіп: «Ассаламу алейкум уа рахматулла»,-деп сырттан сәлем берді. Әкем сәлемге баяу дауыспен, Пайғамбар естімейтіндей етіп жауап қайтарды. Мен: «Алла елшісіне кіруге рұқсат бермейсіз бе?»,-деп тыпыршып тұрғанымда «Қоя тұр, ол кісі бізге көп (жақсылық тілесін) сәлем берсін»,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) тағы да: «Ассаламу алейкум уа рахматулла» деп сәлем беріп, үйде ешкім жоқ деген оймен кері қайтпақ боп қамдана бастады. Әкем артынан іле-шала шығып: «Уа, Алла елшісі! Сіздің бізге көп жақсылық тілеуіңізді қалап сәлеміңізді естіп, баяу дауыспен жауап беріп тұрдым»,-деп мән-жайды түсіндірді.
Сағд қадіргі қонағын үйіне қошеметпен алып кіріп, қолын жууға су алдырды. Пайғамбар (с.ғ.с.) қолын сүртуге шафранды сүлгі ұсынды. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.) қолын жайып: «Уа Алла! Өзіңнің салауатың мен мейіріміңді Сағд отбасына бер[1]»,-деп дұға жасады.
Сағд (р.а.) өте жомарт, қолы ашық кісі еді. Ансар сахабалар Меккеден келген мұқтаж кісілерді шама-шарқына қарап біреу, екеу ал кейбірі бес кісіге дейін қонақ етуге әрекеттенді. Ал, Сағд (р.а.) сексен кісіге дастарқан жайды. Әбу Усайд Ансари Алла елшісінің (с.ғ.с.) «Ансарлардың ең жақсы шаңырағы Бәну Нажжар, сосын Бәну Абдашһал, сосын Бәну Харис бин Хазраж, сосын Бәну Сағида. Барлық ансар шаңырағында жақсылық бар»,-деген сөзіне куә болады. Осы сөзді естіген Сағд бин Убада іштей ренжіп төрт әулеттің ең соңғысы болған екенбіз деп, балаларына: «Есегіме ер-тоқымын салыңдар, Алла елшісіне (с.ғ.с.) барамын»,-деді. Сонда немере ағасы Саһл: «Алла елшісіне (с.ғ.с.) сөз қайтармақпысың?! Алла елшісі артық біледі емес пе? Сенің төртеудің төртіншісі болғаныңның өзі мәртебе емес пе?»,-дейді. Сонда, Сағд (р.а.): «Алла және Оның елшісі артық біледі»,-деп райынан қайтқан екен.
Руслан ҚАМБАР,
исламтанушы