Жылулық пен махаббатқа зәру болып өскен қыз баланың тағдыры қашан да ауыр болған. Қазіргі қоғамда қыз баланың жасқаншақ болуы, құрған отбасының бақытсыз аяқталуы, яғни ауыр тағдыры көбінесе қандай жағдайдан туындайтындығын психолог мамандар айтып берді.
Психолог Нұргүл Молдабайқызы тағдыры ауыр қыздардың өмірін зерттеу барысында өмірмен және өзгемен қатынастарында шектен тыс ұялшақтық, себепсізден себепсіз басқалармен психологиялық арпалыс, өзінің өмірлік немесе ситуациялық міндеттерін орындай алмау, шаршаңқы күй кешу, психосоматикалық, иммундық әлсіреу, депрессиның белгілері, өмірге қызығушылықтың төмендеуі сияқты симптомдар анықталған.
– Психикалық жарақаттар маманы Левиннің бір теориясы бар: «Психикалық жарақаттармен жұмыс ілімінде балалық шақта бастан өткерген психикалық жарақаттар баланың бойында үнемі тым аса қозып кету, үнемі қысылу, диссоциация, үнемі шарасыздықтың болуына, яки мінезге айналып кетуіне алып келеді».
Оған қоса, адамның бойында қырағылық (қос көріну), үнемі қайталанып келе беретін өткен шақ елестері, аса сезімталдық, орын алған жағдайға сәйкес емес, шектен тыс реакция, тым белсенділік, қорқыныш пен үрейдің бойды жаулауы, түндегі қорқынышты түстер мен елестер, енжарлық, селсоқтық, ауыспалы көңіл күй, ашушаңдық, стресске тез бой алдыру, ұйқының бұзылуы, паникалық атака, құр кеуде және өзін тым жырақта сезіну, үнемі бірдеңеден қашып жүру, өзгемен қарым-қатынасқа түсуге өзін лайықсыз сезіну, ұмытшақтық, өз балаларын жақсы көре алмау, өлімнен қорқу, үнемі өлім «есіктің арғы жағында тұрғандай» күй кешу тәрізді симптомдар пайда болған. Бұл симптомдар, ғылымда «психикалық жарақаттың салдары» деп саналады,– дейді Нұргүл Молдабайқызы.
Психологтың айтуынша, ананың баланы көгала қойдай етіп ұруы, 9 жасар қызды ағасының зорлауы, баланы өзге отбасыға беріп жіберуі, қараусыз қалу мен өміріне қауіп төндіру сияқты үрдістерден қыз бала өзгенің күнәсін өмір бойы көтеріп жүреді екен.
– Қолданылған диагностикалық әдістер осы қыздардың өмір сүруге ұмтылмайтындығын, өз өмірлеріне құндылық деп қарамайтындығын көрсетті.
Қыздармен медициналық емес экзистенциалдық психотерапия және травмотерапия әдістерімен жеке және топтық кездесулер арқылы психокоррекциялық жұмыстар жасадым, – дейді Нұргүл Молдабайқызы.
Психолог мамандардың зерттеуі бойынша, баланың қиял әлемі дами бастағанша, яғни 9-10 жасқа жеткенше өзіне жасалған опасыздық, зорлық пен зомбылық, айқай мен надандық, хайуандық үшін біреуді кінәлауға санасы жетпейді.Яғни, балалық шақ – шарасыздықтың кезеңі.
– Егер 7 жасар қыз зорланса, ол үшін автоматты түрде баланың санасында кінәлі өзі. Қиял әлемі дами бастағанда, өз болмысынан қашып кеткісі келеді де тұрады. Осылайша балаға жасалған әрбір қиянат ата-ана мен бала арасындағы байланысты үзіп қана қоймай, оның өз өмірінде, өз денесінде өмір сүруіне бөгет болады. Сондықтан бала кездегі қиянат – тек аманатқа қиянат емес (Жаратқанның ата-анаға берген уақытша аманаты деп санасақ), баланы өзінің адами өміріне салған тұсау мен ұшатын қанатын қайыру деп түсініңіз, – дейді психолог.
Жалпы қыздардың бойында мынадай симптомдар кездеседі:
- Баланы адамдықтық бастауы емес, бәле деп тітіркене қараудың салдары – қыздың тірі өлікке айналуы.
- Жылулық пен махаббатқа зәру – қуыс кеуде.
- Арқа сүйер әке мен зорлықты бастан өткерген – ішқұса.
Ал аналитик-психолог Сая Мырзахметованың айтуы бойынша, адамға сезіну, түйсіну, көру, білу, беру, тағы басқа осы тіршілікке қажетті барлық нығмет берілген. Бірақ адам о бастан осы өзіне берілген дүниені біле бермейді. Баланың өз бойындағы осы толыққандылықты ашуы ата-анамен қатынаста бекиді.
– Бала алдымен бала болу үшін өмірге келеді. Балалық ғұмыр сүрілмесе, ол – баланың табиғатына жасалған қастандық. Бала осындай қиын жағдайларды сана деңгейінде ұмытқанымен, бір нәрсеге елегізіп тұрады. Көбінесе, елегізейтіні балалық шақтың бастан өткерілмегендігі және оның өксік пен өкінішке толы болуы. Осылайша өміріміз біз біліп-білмейтін өкініштер мен мәннің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан психикалық жарақаттармен жұмыста, адамның өкінішімен емес, осы өкініштің артында не тұрғанын анықтау өте маңызды. Егер өкініштің артында баланың басынан өткізбеген балалық шағы тұрса, оның қазіргі кездегі жасын, өмір сүру мүмкіндігін ескерместен, оған «бала» ретінде қарап, өмірдің маңыздылығын, құндылығын санасы мен жанына сіңіруге тырысу қажет, – дейді психолог.
Қазақ үшін бала тәрбиесі, әсіресе қыз тәрбиесі аса маңызды болған. «Қызға қырық үйден тыйым, қала берді босағадағы құлдан тыйым» дегенде қыз баланың «жолы жіңішке» екенін меңзеді. Ал «қыз – қонақ» деп қонағындай сыйлаған қызына жасалған әлімжеттік– ұлтқа жасалған қастандық болатын секілді. Бір отбасына емес, тұтас ұлтқа болашақта қауіп-қатер туғызатынын білуіміз керек.
Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ