– Мен бүгін оразамын! Кезек беріңдер. Қарным ашты, шөлдедім, – деп шу шығарады. Әлгі айғайшы әр адамға осылай деп, біртіндеп алға жылжи береді. Отыз жылдан аса ораза ұстаған әлгі ғалым басында мән бермей сабырлық танытып тұрғанымен сәлден кейін шыдамы таусылып әлгі кісіге:
– Әй, сен өзі қандай адамсың? Егер, ораза ұстаған адамға жол беру керек болса, отыз жылдан аса ораза тұтқан мен бірінші су алуым керек емес пе? – деп ашуланыпты.Сонда әлгі кісі ғалымға:
– Сізге қырық жыл бойы сөзім өтпеген еді. Міне, енді отыз жыл бойы ұстаған оразаңды міндет етіп, бар сауабыңыздан айырылдыңыз. Менің де көздегенім осы еді, – деп көзден ғайып болыпты шайтан.
Жалғас АСХАТҰЛЫ