ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен ұлттық мәдениет пен мұраны қорғау, қалпына келтіру және насихаттау бағытында «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі және ағаш ұқсату өнері» тақырыбында республикалық қолөнер шеберлері жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің мақсаты – дәстүрлі және қолданбалы қолөнер қазынасын ұштастыра отырып дамыту, оның ішінде керамика өндірісі мен ағаш ұқсату өнерін насихаттау әрі ішкі туризмді өркендетіп, келген саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау.
Іс-шара барысында еліміздің барлық аймақтарынан жиналған 30-дан астам керамика және ағаш ұқсату өнерінің хас шеберлері үздік деп танылып, жүлделі орындарды иеленді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі