Конституция – ұлттың, мемлекеттің ар-намысы, ұяты, өмір сүру кеңістігі. Бұл – мемлекет үшін де, мемлекеттік құраушы ұлт үшін де ең қасиетті Заң. Себебі, осы құжат жаңа туған сәбиден бастап, еңкейген қарияға дейінгі аралықтағы сол мемлекет өкілінің, тілі мен дінінің өзгешелігіне қарамастан, барлық мүддесін қамтамасыз етеді.