Белгілі ресейлік телекомментатор Денис Казанский “Спорт экспресс” сайтына берген сұхбатында Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты кезінде алған әсерлерімен бөлісті.
— Сіз Қатарда үш күн болыпсыз. Ең алдымен не таңғалдырды?
— Біріншіден, түрлі-түсті жүк контейнерлерінен тұрғызылған “974 стадионы”. Бұл атау стадионды салуға кеткен контейнерлердің санын және Қатардың телефон кодын білдіреді.
— Иә, оны білеміз.
— Контейнерлерден тұрғызылған стадион деген сөз біртүрлі естіледі, солай емес пе? Алайда, ол өте ерекше ғимарат. Стилі тамаша әрі жанға жайлы. Қай жағында отырсаң да, алаң әдемі көрінеді. Қатардағы барлық ареналар керемет. Олардың бірінің жобасын әйгілі Заха Хадид жасаған.
— Екіншіден, сізді не таңғалдырды?
— Қатардың метросы. Барлық адам жасы егде тартқан кісілер мен әйелдерге өте құрметпен қарайды. Вагонға қыз кіріп келсе, бүкіл ер адам ұшып түрегеліп, орын береді. Өзім күнде жүретін Мәскеу метросымен салыстырғанда айырмашылық жер мен көктей.
— Әрине.
Айта кетейік, Қатарда 20 қарашада басталған әлем чемпионаты 18 желтоқсанға дейін жалғасады.