Асмағи деген кісі мына бір оқиғаны баяндайды:
«Бірде шөлдегі бәдәуилердің арасына бардым. Ол жерде бір ерлі-зайыптыларды көрдім. Әйелі жан біткеннің сұлуы болса, күйеуі жан біткеннің ең ұсқынсызы екен. Сонда әйелінен:
– Өзіңнің мынадай адамның қол астында болғаныңа разысың ба? – деп сұрадым. Ол:
– Орынсыз сөз айтпа. Қайдан білесің күйеуім Алла мен өзінің арасындағы міндетін көркем түрде орындап, соның сыйы ретінде мені берген шығар. Не болмаса, мен Раббыммен арамдағы байланысым бұрыс болып, оны маған жаза ретінде берген шығар. Не болғанда да, Раббым разы болған нәрсеге мен қалайша разы болмаймын?! – деді. Ол әйел осылайша менің аузыма құм құйды».
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ