Құл ақысы қияметте қарымтысы қайтарылмайынша кешірілмейтін, салмағы ауыр күнә болып табылады. Халқымыз, «Жесірді қаңғытып, жетімді жылатпау» деген өмір қағидатын берік ұстанғаны көпшілікке мәлім. Бұл қазақ халқының дініне қаншалықты берік болғанын көрсетеді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда шаңырақ көтерген жастар арасында түсініспеушілік, ажырасу жиі орын алады. Әрине, оның әртүрлі себептері бар. Соның бірі әрі қазіргі жастар арасындағы көп кездесетіні бір-біріне деген сенімсіздік. Енді, осы мәселені Ислам шариғаты тұрғысынан бір қарастырып көрелік.
Бірінші: Әркім өзінің айтқан сөзі мен ойлаған жаман ойынан сұралатынын білу керек. Яғни, ерлі-зайыпты адамдар бір-бірін «көзіме шөп салып жүр» деген сөзінің немесе күмәнінің айғағы болмаса ауыр күнә. Қасиетті Құранда: «Ей, мүміндер! Көп күмәннан аулақ болыңдар (үй іштеріңе және басқа адамдарға күмәншіл болмаңдар), расында күмәннің кейбірі күнә»[1]деп ескертеді.
Ханафи мәзһабы бойынша, бір әйелді немесе бір еркекті «зина жасады» деп шариғи жазаға тартудың шарттары бар. Олар – төрт әділ куәгер, екі адамның жақындық қатынаста болып жатқанын қылыштың қынан суырылғаны тәрізді көруі керек. Қазы бұл куәгерлерді жеке-жеке сұраққа тарту барысында біреуінің сөзі басқалардың айтқанына сәйкес келмесе немесе сол адамның пасық екені білінсе, онда барлық куәгердің куәлігі жүрмейді. Әрі төрт куәгер бірдей жала жабушының қатарына жатқызылып, соларға қазы тарапынан жаза беріледі[2].
Екінші: Ислам – кешірімділік, өзара сыйластыққа шақыратын дін. Сол себепті, Алла Тағала: «Егер, ерлі-зайыптылардың отаса алмауынан қауіптенсеңдер, еркектің туғандарынан бір әділ төреші, әйелдің туғандарынан бір әділ төреші жіберіңдер. Ол екеуі жарасуды қаласа, Алла олардың арасына татулық салады»[3] деп, дау-жанжалға арқау болатын суық жүрістік, өзара түсініспеушілік сияқты істерде ер мен әйел тарапынан екі әділ төрешіге жүгінуге шақырады. Өйткені, ауызы дуалы қариялардың берген тәрбиесі нәфсі құмарлықтың құрдымына кетіп, шырмауынан шыға алмай жүрген ер-әйелдердің қателігін мойындап, бір-біріне адал болуға мұрындық болары сөзсіз.
Ислам – отбасын бүтін сақтап қалуды адамзаттың екі әлемдік бақытының ұйытқысы ретінде қарастырады. Ал ажырасу – қорғансыз жесір мен жетімнің, мейірім мен рухани тәрбиеден мақұрум қатыгез ұрпақтардың көбеюуіне жол ашады. Бұдан келіп шығатын зардапқа ажырасқан ата-аналар екі әлемде де жауапқа тартылатындарын білгендері жөн.
Абдусамад ОҚАН,
исламтанушы
[1]Хұжурат сүресі, 12-аят.
[2]Мұхаммед Ашық әл-Барани, Тәсһилуд дарури ли мәсайлил Құдури, 2-том, 129-бет.
[3]Ниса сүресі, 35-аят.