Астанада «Орталық Азия тарихы: халықтар мен мәдениеттер диалогы» тақырыбына арналған Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының бірінші форумы ашылды. Оған Сенаты депутаты Дархан Қыдырәлі қатысып, сөз сөйледі.
Дархан Қыдырәлі өз сөзінде ғылыми дипломатияның маңыздылығын айтып, ғылым шекараны білмейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол Орталық Азияның ортақ тіл, ұқсас тағдыр, ортақ тарихи тамырмен біріктірілген ортақ тарихын жазу қажет екеніне назар аударды.
Сонымен қатар сенатор форумға қатысушыларды бірлескен археологиялық зерттеулер жүргізуге, этнографиялық экспедициялар ұйымдастыруға және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға шақырды.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылып жатыр. Оған Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген тарихшылар қатысуда.