Қазақстан – бейбіт бастамасы, батыл қадамы және қарқынды дамуы арқылы әлем назарына іліккен өркениетті мемлекет. Алайда, елдің даму жолындағы бастамаларын деструктивті діни ағым өкілдері жоққа шығаруға тырысады.
Заман талабына сай қолданыстағы техниканы қабылдамай, өркениеттің өзгерістерін дінге кереағар деп түсінеді. Ғылым мен дінді ұштастыра алмаудың зардабы қандай? Ислам діні өркениет талаптарына қайшы ма?
Осы сынды сұрақтарға дінтанушы Кеңшілік Тышқан жауап берді.