Дагли – 22 жастағы түркиялық тоэквондошы қыз. Ол – 2016 жылы Перу астанасы Лима қаласында өткен WTF-тегі Дүниежүзілік таэквондо чемпионатына қатысқан . Чемпионатта Америка, Қытай мен Германия спортшыларын басып озып, алтын медальды қанжығасына байлады.
Кубра Дагли жастайынан таеквондомен еркін түрде айналысады. Алғашқы рет 15 жасында Түркия ішіндегі жарыстарға қатысып жүрді.
Бір қызығы Дагли қатысқан жарыстарының бәрін де исламның ережелерін сақтауға тырысып, басынан орамалын шешпейді. Қыздың хиджабы діни қайраткерлер мен олардың қарсыластары арасында наразылық тудырды: кейбіреулер мұсылман әйелдің жекпе-жек өнерімен айналыспайтынын және жарыстарда бәсекелесуді талап етпейтінін, ал кейбіреулері Түркияның дамыған мемлекет екенін, ал хиджабтың артта қалудың белгісі деп санайды. Енді бір топ Даглиге үйде отырып, Құранды оқудан чемпион болуға кеңес берді.
Мұсылман спортшының сөзіне сүйенсек:
«Мен барлық кемсітулерге көз жұма қараймын. Сынаушылардан менің орамалымды емес, спорт саласындағы менің жетістіктерім туралы талқылауын сұраймын. Менің ойымша, біздің жеңістерімізді талқылау керек, өйткені біз оларға көп күш жұмсадық. Мен өз елімнің атын әлемге тағы бір рет таныттым. Бұл біздің ең үлкен мақтанышымыз» дейді.
Спортшы қыз өзінің барлық жетістіктері өзге мұсылман қыздарына шабыт береді деп үміттенеді.
Мадина Жанғазиева