Деструктивті діни ағым қатарына кіріп кеткен адамды қайтадан дәстүрлі жолға салу үшін жүргізілетін діни оңалту жұмысы оңай шаруа емес. Кейде бір адамды теріс көзқарасынан қайтару үшін 5-6 жыл тер төгуге тура келеді. Бұл осы саладағы маманнан білімділікпен қатар төзімділік пен сабырды қажет ететін жанкешті жұмыс.