Индира Расылхан ел күтпеген мәлімдеме жасады. Әнші өнерді біржола тастағанын хабарлады. Ол сахнадан қарағанда орамалы маңызды екенін, енді басқа салаға бет бұрғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Біріңіз – өнерімді, біріңіз – орамалымды бағалап жатсыздар. Екеуін бірге алып жүруге болады деп жатсыздар. Алла разы болсын сіздерге. Мен енді әншілікті тастадым. Өнерсіз де қалай боларын білмеймін, бірақ дегенмен де тәуекел. Мен үшін хиджаб маңызды”, – деп мәлімдеді әнші Instagram-дағы парақшасында.
Индира енді психологияға бет бұрғанын айтты. Ол дін мен ғылымды ұштастырып, өзінен кейінгі жас келіншектерге “ақылын айтпақ”.
“Бір есік жабылса, екінші есіктің ашылары сөзсіз. Мен психологияны таңдадым. Өзімнен кейінгі жас келіншектерге ақылымды айтсам, осы тура жол арқылы өзінің ұрпағын тәрбиелесе, өзінің отбасында жақсы, бақытты өмір сүрсе екен деген ниетім бар”, – деді әнші.
Дереккөз: stan.kz