Ұстаздың үйіне келген бойда түлектер төрге жайғасады да ұстаздарына өмірдің қиыншылығы, жұмыс табудың машақат екенін айтып проблемаларын жайып салады.
Шәкірттерінің мұндай уәждерін естіген ұстаз оларға кофе алып келмек болып ас үйге бет алады. Біршама уақыттан кейін ұстаз әртүрлі шыны-аяқтарға құйылған кофені шәкірттеріне ұсынады. Шыны-аяқтар фарфор, пластик, хрусталь секілді түрлі болуына байланысты түлектердің бәрі ең әдемі деген шыны-аяқтарға құйылған кофені таңдап алады. Мұны байқап отырған Ибрахим ұстаз шәкірттеріне:
– Мынаны қараңыздар, сіздер ең жақсы деген шыны-аяқтарға құйылған кофені таңдап алдыңыздар. Ал, қарапайым арзан шыны-аяқтар сол күйі қалып қойды. Әрине, әркім өзіне ұнағанын таңдайды, дегенмен, сіздердің қазіргі өмір туралы айтып отырған шағымдарыңыздың негізгі шығу салдары да осында.
Бұл кофе құйылған шыны-аяқтар қанша әдемі болғанымен, ол кофенің дәмін тәтті етпейді. Осы сияқты егер шыны-аяқ жаман болса, ол да кофенің дәмін нашар етпейді. Сіздердің бұл жерде басты мақсаттарыңыз – әсте шыны-аяқтың түрі емес, кофе ішу емес пе еді?
Мәселен, егер кофені – өмір деп қарайтын болсақ, сол сияқты жұмыс, ақша, мансап, атақ пен қоршаған ортаны шыны-аяқ деп санайтын болсақ, онда біз шыны-аяқты жай ғана өмір салтын ұстап тұрушы зат екенін түсінеміз. Біз қандай ыдысты қолдансақ та, ол оның ішіндегі өмірдің негізгі мәнін өзгертпейді.
Кейде біз шыны-аяққа қатты көңіл бөлеміз де, оның ішіндегі кофенің дәмділігін ұмытып кетеміз. Сондықтан, ең бақытта адам қолында әдемі ыдысы бар адам емес, бәлки, сол шыны-аяқтың ішіндегі кофенің дәмін сезген адам.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы