– Уа, қойшы! Маған мына қойларыңнан біреуін сатшы – деп ұсыныс жасады. Қойшы:
– Негізінде, мен құлмын. Қойдың қожайыны бар – дейді.
Омар (р.а.) әлгі қойшыны сынап көргісі келіп әрі қарай әңгімесін жалғастырды:
– Қойды бізге сат, ал қожайыныңа қойды қасқыр тартып кетті деп айта сал.
Қойшы:
– Жарайды, қожайыныма солай дейін бірақ, Алланы қайтемін? – деп Омардың өзіне сұрақ қояды.
Омар (р.а.) қойшының бұл сөзіне әсерленіп, Алланы ойлап, жылап жібереді.
Біз сосын әлгі құлмен бірге астандық. Кейін Омар оны қожайынынан сатып алды. Сосын оған азаттық берді. Омар қойшының қасына келіп, ақырын ғана былай деп айтты:
– Ей, қойшы! Сенің «Алланы қайтемін?» – деген сөзің бұл дүниеде саған азаттық сыйлады. Осы Аллаға деген ықыласың сені ақыретте де құтқарады деп үміт қыламын.
Түйін: Алланы үнемі зікір етіп, Оны естен шығармау жұмыр басты пенденің міндеті. «Жыртық үйдің ғана құдайы бар» – деп түсіну қате. Алла тағаланы тек таршылықта, жоқшылықта немесе мұқтаж болған уақытта ғана еске алса жетеді деуге болмайды. Егер адам тоқшылық заманында да Аллаға мақтау айтса, Оны есіне алса, Оған шүкірлік қылса онда таршылық заманында Алла сол пендесін есіне алады:
«Енді Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын. Әрі Маған шүкірлік қылыңдар да қарсы болмаңдар» (Бақара: 152).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ