Күндердің күнінде мұсылмандар басшысы хазреті Омар ибн Хаттаб мұсылмандар әскерін жинап Исламға қарсылық танытқан Сария есімді дұшпанға қарсы соғысуға жорыққа жібереді. Содан бір күні мұсылмандар басшысы халықты жинап уағыз айтуға кіріседі. Сол сәтте ол күтпеген жерден дауысын көтеріп:
– Ей, Сария, таудың саған қаһары болсын Сария! – деп айқайлап жібереді.
Мұсылмандар аң-таң болып, Омар ибн Хаттабтан мән жайды сұрамастан кері үйлеріне тарқап кеткен еді. Таң атысымен әлгі жорыққа жіберген мұсылмандар әскері оралып, хазреті Омарға келіп:
– Ей, мұсылмандар әміршісі! Сіздің бұйрығыңызды орындадық. Бірақ, біз Сария және оның әскерімен шайқасып жатқан уақытта кенет аспаннан бір «Ей, Сария, таудың саған қаһары болсын Сария!» деген дауыс естілді. Сол уақытта Сария әскерін таудың етегі басып қалды да біз жеңіске жеттік, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ – Дінтанушы