Сағид ибн әл-Мусғиб ұлына:
– Барып, анау намаз оқып тұрған адамға «Құранды ақырын оқысын» деп айт, – дейді. Ұлы оған:
– Әке, мешіт біздің меншігіміз емес қой. Мешітте қалағанынша намаз оқуға оның да ақысы бар емес пе? – дейді. Сонда Сағид ибн әл-Мусғиб дауыстап:
– Ей, намаз оқушы! Егер намазыңды Аллаға арнап оқысаң, ақырын оқы. Ал егер адамдарға арнап тұрсаң, онда олар сенің еш нәрсеңе мұқтаж емес! – дейді.
Омар ибн Абдулғазиз дауысын басады. Намазын тәмамдаған соң, ақырын кебісін алып шығып кетеді. Ол осы уақытта мүміндердің әмірі болатын.
Түйін: Атам қазақ: «Ұлық болсаң, кішік бол» деп айтқан. Мұсылман баласына кішіпейілдік жарасады, әсіресе, ұлы адамдарға.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ