Халифа Харун Рашид дүниеден өтер алдында бауырларын шақырып алып,
– мен өлгеннен кейін жерленетін қабірімді көргім келеді, – деген екен. Сонда бауырлары Харун Рашидті қабір басына алып барады. Халифа қабірді көріп, көзіне жас алып, жылай бастайды. Кейіннен айналсындағыларға қарап, былай дейді;
Құран Кәрімнің «Малым, маған еш пайда бермеді. Күш-қуатым жойылып кетті (дейді)» (Хаққа сүресі, 28-29) деген аяттарын оқығаннан кейін, басын жоғары көтеріп, алақандарын жайып, былай деп дұға еткен екен:
«Дүние-мүлкі азаймайтын, жоқ болмайтын, құдіретті күшті Ұлы Раббым! Дүние-мүлкі жоқ болып кететін құлдарыңа мейіріміңді төккейсің!
Әй, мұсылмандар! Сіздер мына нәрсені естен шығармаңыздар, түн қанша ұзақ болса да, таңның атары сөзсіз. Адамның өмірі де қанша ұзақ болса да, күндердің бір күнінде қабірге кірерің сөзсіз.
Уа, Жаратқан Құдай Тағалам! Біздерге дүниеде һәм ақыретте мейірім-рақымыңды төккейсің! Әмин!».
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ