Сұрақ: Өлімнен кейін қайта тірілетін болсақ, онда не үшін дүниеден өтеміз?
Жауап: Адамның анатомиялық денесі және мына өмір сүріп жатқан әлем де мәңгілік өмірге арналмаған, оған жарамайды. Дене шаршауға, сырқаттануға және уақыт өте қартаю қасиетіне ие, ал дүние құрылымы тозуға, құлдырауға және ескіруге бейім. Сондықтан олар мәңгілік өмірге шыдамайды, жарамайды да.
Дінге сәйкес, бұл дүние – сынақ мекені. Сынақ алаңын жүріп өткен пенде мәңгілік өмірге ие болады. Ал өлім – осы дүние мен мәңгілік өмір арасындағы өтпелі кезең десек болады.
Расында өлім дінсіз адамға бір қарағанда жоқ болу немесе із-түссіз жоғалу сияқты көрінуі мүмкін, бірақ мұсылман «шын мәнінде өлім – келесі өмірге есік ашады» деп кәміл сенеді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ