«Бір күні Алла Елшісі сахабаларымен бірге отырған болатын. Олар қайратты бір жас жігіттің асығып кетіп бара жатқанын көріп қалады. Отырғандар:
– Әттең, мына жігіт жастығы мен қайратын қор қылмай Алла жолында жұмсағанда ғой, – деседі. Пайғамбарымыз оларға:
– Олай демеңдер! Егер ол жігіт өзін адамдарға телміруден және тіленуден құтқару үшін еңбектеніп жүрсе, онда Алла жолында жүрген болып саналады. Сондай-ақ, қауқарсыз әке-шешесі немесе әлсіз балаларын асырау үшін жүрген болса, онда да Алла жолында жүргені. Ал егер елге мақтану немесе бәсеке үшін дүниесін еселеу үшін жүрген болса, сонда шайтанның жолында жүрген болады» – дейді».
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ