Тасс агенттігінің хабарлауынша, Якутияның Оймякон ауданында бүгін таңертең минус 60 градус аяз тіркелді.
Атап айтқанда, Усть-Нера кентінің тұрғындары биылдыққа алғаш рет осындай төмен температураны сезінді.
Одан бөлек, бұған дейін Жилинда және Оленек ауылдарында да сынап бағанасы -60 градусқа барып еді. Бүгін бұл елді мекендерде сәйкесінше 56 және 52 градусты көрсетті.
Айта кетсек, Оймякон бұрыннан жер бетіндегі ең суық елді мекендердің бірі. Солтүстік жарты шардағы ең суық температура тіркелген екі жер бар, бірі Оймякон болса, екіншісі – Верхоянск. Ол да Якутияда орналасқан. Бұл екі елді мекенде -67 градус температура тіркелген.