Имам Әузағи бірде Ибрахим ибн Адхамға жолығады. Ибраһим ибн Адхамның арқалаған бір бау отыны бар еді.
Аузағи оған:
– Әй, Ысқақтың әкесі, қашанға дейін осылай істемексің? Достарыңның саған көмектесуге шамасы жетеді ғой, – дейді.
– Әй, Әмірдің әкесі, олай деме! Бір адам адал нәпақа іздеу жолында ел қор санайтын халге түссе, оған жәннат уәжіп болады дегенді естігенмін, – дейді Ибрахим ибн Адхам.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ