Айдана жетімдіктің, анасы жесірліктің тауқыметін тартқалы көп болды. Отағасы қайтыс болғалы, отанасы үш рет тұрмысқа шыққан. Алдыңғы екеуі ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсетіпті. Қазіргі күйеуі өзінен 9 жас кіші әрі дінге жақын. Жолдасының діни ұстанымына байланысты тұмшаланған анасы туған-туыспен байланысты үзіпті. Айдана деструктивті идеологияны ұстанған өгей әкесінің өшпенділіген сескенеді. Қауіпті будан торынан анасын құтқаруды сұрайды.