Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен арнайы құттықтап облыстық орталық мешітке бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев барды.
Орал орталық мешітінің наиб имамы Асхат Асылбекұлы азаттық үшін күрескен ұлт перзенттеріне құран бағыштап, ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлы дұға жасады.
Облыс әкімі Н.Төреғалиев жамағатты қасиетті Тәуелсіздік күнімен құттықтап, желтоқсан көтерілісіне қатысқан аға-апалармен сұхбаттасып, мешіт жанындағы «Ақсақалдар» алқасының мүшелері мен мешіт ұжымы мен жүздесті.
Облыс басшысы өз сөзінде бостандық үшін күрескен боздақтардың ерлігіне тоқталды.
Шараға қатысушылар кезегімен сөз алып, халықты береке-бірлікке, мейірімділік пен адамгершілікке шақырса, ақсақалдар облыс әкіміне ақ батасын беріп, жұмысына береке тіледі.