Бүгінде мұсылман сөздері көптеп айтылады. Қоғамда бұған екі түрлі көзқараспен қарайды. Бірі араб сөзінің қазақша мағынасын дұрыс көрсе, бірі Құран сөзі деп ақтайды. Осы ретте Нұртас Адамбай қолданыста жүрген кейбір мұсылмандық сөздердің мәнін ашуға тырысты.
“Мұсылмандық сөздік қорындағы кейбір сөздер көп адамды шошытып жіберетінін байқадым. Оған себеп жай ғана бұл сөздердің мағынасын білмеу екені анық. Бұл постта мен кейбір сөздерге аздап түсініктеме бергім келеді, өйткені оларды бүгін өзім түсіндім. “Мұсылман” сөзінің өзі “Рухы берік, Алла Тағаланың еркіне бағынған” дегенді білдіретінінен бастайық. Бұл анықтаманы марқұм имаи Валерия Порохова берген. Маған қатты ұнады. Ал, енді мұсылмандардың жиі қолданылатын сөздеріне көшейік.
Субханаллаһ. “Аллаһ пәк” дегенді білдіреді. Мен үшін бұл тек Алла Тағаланың ғана кемел екенін білдіреді. Ол барлық жамандықтан пәк. Сондықтан сіз Оған толық және сөзсіз сеніммен қарым-қатынас жасауыңыз керек. Тіпті ең мейірімді, адал, әдепті адам да кейбір жамандықтан құр қалмайды. Аллаһ кәміл! Ендеше, біз адамдармыз, ал ол – Құдіретті! Бұл шындықты білу бізге оның нұсқауын еш ойланбастан орындауға мүмкіндік береді. Бір нәрсені тыйған болса, ол бекер емес. Ол жақсы біледі. Оның заңдарын орындау – ең алдымен адамның өзі үшін жақсы амал”, – деп жазды Нұртас Адамбай.
Актер мұмылмандық сөздердің мәнін ашып көрсетіп, оның қай жағдайда қолданылатынын айтады.
“Ма ша Аллах. Бәрі Алланың қалауымен. Біз өмірімізде қандай жағдай болмасын бәрі Алланың бұйрығымен болып жатқанын білуіміз керек. Қандай жағдай болмасын ол біз үшін қайырлы. Егер қиындық берсе, Алла бізді күнәдан тазарту үшін сынап жатыр деп түсінуіміз керек. Әлхәмдулилла. Барлық мадақ Аллаға тән. Осылайша біз Аллаға мадақ айтамыз. Мейірімділігі, сабырлығы үшін мадақ етеміз. Алланың бізге берген әр секундтық нығметіне, шындығында, ешбіріміз лайық емеспіз. Айналадағының бәрі солай болу керек секілді қабылдаймыз. Мәселен, күнді алып қараңыз. Күн болмаса қалай болар еді? Сондықтан Әлхәмдуллиллах деп Аллаға мадақ етеміз”. – деді актер.
Адамбайдың айтуынша, мұсылман сөздерін қолданудан, не оны айтқан адамдарды шошудың керегі жоқ. Керісінше оның қандай мағына екенін түсіну маңызды.
“Аллаху акбар. Бұл Алла бәрінен ұлық дегенді білдіреді. Алладан басқа ұлы ешнәрсе жоқ. Мен қандай да бір жағдайда болатын қорқынышты жеңе аламын. Себебі Алла бәрін бақылап тұр. Егер мен күнә жасамасам, маған қорқудың да керегі жоқ. Бәрі Алланың қалауымен. Субханналлах сөзінің мағынасы туралы бір қалың кітап бар деп естідім. Егер біреуден осы сөзді естісеңіз, сізге Алланың атын еске салып тұр деп біліңіз. Бәріне Алланың сәлемі болсын. Ассаламу алейкум сөзі Алланың сәлемі болсын дегенді білдіреді”, – деді сөз соңында.
Желідегі оқырмандар продюсердің мұндай көзқарасын оқып таңғалды. Бірі мұндай сөздерді күтпегенін айтса, енді бірі сан сауалдар қойып жатыр.
“Қандай жақсы пост. Ой саларлық”, “Қазақша жазып, сөйлеп, үйреніп айту, түсіндіру бір бірімізге парыз”, “Бұл сөздерді қазақша айта берсе не болады?”, “Дұрыс нәрсе жаздыңыз, енді түсініп жатырмын”, “Бәріміз арапқа айналып кетпейік”, “Бұл Құранның сөздері”– деді олар.
Бұған дейін продюсер темекіні қойып, ислам дініне бет бұрғанын айтқан еді. Нұртас Адамбай “алдымен өзіңді жақсы көр” деп үгіттейтін психологтердің ұстанымына қарсы шықты.