Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрес шебері Нұрислам Санаев жартылай финалға шықты.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан жерлесіміз алғашқы жекпе-жегінде Гвинея-Бисаудан келген Диамантино Юна Фафені еркін жеңсе, ширек финалда 2017 жылғы әлем және Азия чемпионы, жапон балуаны Юки Такахасиден айласын асырды. Есеп – 6:4.
Бүгін Санаев үнді спортшысы Рави Кумармен финалға берілетін жолдамаға таласады.
Айта кетейік, Нұрислам Санаевтың шын есімі – Артас Санаа, ұлты – тыва. Ресейдің Тыва Республикасында туған. Алдымен Ресей туы астында өнер көрсетіп, кейін Қазақстан азаматтығын алған. Бірнеше жылдан бері әлемдік сындарға Қазақстан атынан шығып жүрген жерлесіміз Ислам дінін қабылдап, есімін Нұрислам деп мұсылманшаға ауыстырған.