«Жоғары білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар» деп аталатын 72 сағаттық семинарға Нұр-Мүбарак университетінің барлық оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Себебі қазір күн сайын технологиялар жаңарып, қарыштап дамып жатқандықтан, білім беру саласында да сәт сайын дамуға ілесуге тура келеді. Осы орайда БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) сарапшы-тренерлерінің дәріс беруімен арнайы курсы өз жұмысын бастады.
Университет ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат қазіргі уақытта студенттердің білім алуға деген ынтасын арттырып, жан-тақты болуына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.
БҰҰ БҒМҰ-ның тәуелсіз сарапшы-тренері, PhD доктор Сәуле Зейнолла оқытушыларға семинардың басты талабы қатаң тәртіпке бағыну екенін ескертті. Яғни бұл дәрістердің нәтижесімен қатар қатысу деңгейі де ескеріліп, берілген сертификаттардың салмақтылығын айқындай түсу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ бірнеше топқа бөлінген оқытушыларға Асель Омарова, Сабира Исалдаева сынды тәуелсіз-сарапшылар дәріс беруде. Құзыреттілік тәсіл, нақты нәтижеге бағытталған оқыту, SMART мақсаттарын қою, оқу мақсаттарын, міндеттерін, нәтижелерін анықтау үшін Блум таксономиясын қолданудың жүйелі тәсілі, практикалық сессия, топтардағы жұмыс, Блум бойынша сұрақтарды әзірлеу секілді әдістер үйренбек.