«Нұр-Мүбарак» университетінде 2022-2023 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтихандары басталды.
Шығармашылық сынақтар алдында 25 оқытушы-профессордан құралған комиссия мәжілісі өтті. Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Мұратхан Махмет қабылдау тәртібімен таныстырып, күнделікті қанша талапкерді қабылдау қажеттігіне, емтихан ерекшеліктеріне, бағалау саясатына тоқталды.
Жалпы 6 комиссиялық топ талапкерлерді исламтану, дінтану, теология мамандықтары бойынша білімдерін сарапқа салмақ. Емтихандар 8-13 шілде аралығында өтіп, нәтижелер сол күні кешке жарияланып отырады.
Сондай-ақ аударма ісі, шетел филологиясы мамандықтарына құжат қабылдау уақыты – 15 тамыз кешкі сағат 18:00-ге дейін. Құжат құрамында ҰБТ нәтижесі 5 пән бойынша (таңдау пәні: ағылшын, дүниежүзі тарихы).
Ал магистратуралық білім беру бағдарламалары бойынша, исламтану, дінтану мамандықтарына құжат қабылдау 15 шілдеде кешкі сағат 18:00-де аяқталады.
Емтихандар 16-28 шілде аралығында өтпек. Кешенді тест 20 шілде мен 10 тамыз аралығы екенін айта кетейік.