«Боко Харам» лаңкестік тобының шабуылы мен одан кейінгі қақтығыстар нәтижесінде алдын ала мәлімет бойынша Чад армиясының 15 сарбазы қаза тапты. Бұл туралы Анадолы жазды.
Чад армиясының өкілі генерал Исса Ахейх мемлекеттік телеарнада сөйлеген сөзінде айтқандай, кеше «Боко Харам» содырларының шабуылы болып, ол армия мен лаңкестер арасындағы қарулы қақтығысқа ұласқан.
Қаза болғандармен қатар 32 сарбаз жараланғаны атап өтілді. Генералдың айтуынша, жаралылар медициналық көмек көрсету үшін ел астанасы Нджаменаға эвакуацияланған. Генерал сондай-ақ «Боко Харам» ұйымының 96 содырының көзі жойылғанын хабарлады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазан айының соңында «Боко Харам» елдің батысындағы Чад көліндегі әскери базаға шабуыл жасап, 40-қа жуық адамның өмірін қиған. Бұл шабуылға жауап ретінде президент Итно «Хасканит» операциясын өзі басқарып, ұрыс аймағына барған.
Айта кейтік, қыркүйек айының басында Нигерияда «Боко Харам» лаңкестерінің шабуылынан 80 адам қаза тапқан.