Күндердің күнінде бір топ шәкірт ұстазына келіп:
–Ұстаз, айтыңызшы, неге осы жаман әрекеттер адамды тез байлап алады ал, жақсы әрекеттерді бойда ұстау өте қиын, – деп сұрайды. Сонда ұстаз:
–Бұл адамдардың өздеріне байланысты. Кей адамдар жақсы әрекеттерді ешкімге білдіртпей, жасырын жасайды, нәтижесінде оның бойында мұндай амалдар ұзақ сақталады. Ал, кей адамдар мұндай амалдарды жариялап жасайды да, нәтижесіз қалады. Сосын ол істеген әрекеттің жемісін көрмегесін жаман әрекеттерді істеуді әдетке айналдырады. Бұл – бір жерге дән еккен секілді әрекет. Егер дәнді жерге көмбей, жасырмай егетін болса ол өнбейді, ал, жерге көміп, жасыратын болса құнарлы жеміс береді, – деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы