Бір күні әкем менен:
– Неге үйленбей жүрсің, балам? – деп сұрады.
– Аяққа нық тұрғанымда, жеке үйім, көлігім, тұрақты жұмысым болған кезде үйленемін! – деп сенімді жауап бердім мен.
– Ақымақ! – деді әкем. – Қазір, ештеңең жоқ кезде үйлен. Қалғанына бірге жетесіңдер.
Мен ойланып қалдым…
ТҮЙІН: Қазір түгің жоқ кезде үйленсең сүйіктіңнің сені шын жақсы көріп, құрметтегенінен тұрмысқа шыққанына сенімді боласың. Егер өз жоспарларыңды іске асырғаныңнан соң үйленем десең, саған қандай қыз тұрмысқа шығуға келіспейді?!
Кез-келген қыз саған тұрмысқа шығады! Тіпті қуана-қуана! Ал сенің байлығың жоғалғанында, әйеліңнің де сонымен қоса жоғалмасына кім кепіл?! Өз ақшаңды оның сұлулығына айырбастама. Сұлулық жойылады, байлық жоғалады. Ал шын махаббат бағалай білсең, сенімен бірге қалады.