– Ей Адам ата! Алла Тағала мені саған арнайы жіберді. Мен алып келген мына үш нәрсенің бірін қабыл ал.
Адам ата (а.с.) бұл үш нәрсенің ішінен ақылды қабыл алады. Сол сәтте Жабрейіл періште иман мен ұятқа қарап:
– Сендер бара беріңдер, дейді. Сонда иман тіл қатып былай дейді:
– Жаратушы Алла Тағала маған ақыл қайда болса сен де сонда бол деп
бұйырған. Сондықтан мен ақылдан бөлек кете алмаймын! Ұят та сол кезде иманның сөзін қайталап кетпей тұрып алады. Содан Адам ата (а.с.) айтқан екен:
– Алла Тағала қайсы бір кісіге ақыл берсе демек, ұят пен иман онымен
бірге болады. Ақылы болмаған адамның ұятыда да, иманы да
болмайды, деген екен.
Түйін: Ұлы Абай атамыз: «Ақылдығы иман парыз, имандыға ғибадат парыз» демекші, ақылды адамның бойында қашанда ұят пен иман қасиеті қатар жүруі шарт болады.
Жалғас Асхатұлы